{metadescription}
Елімізде  мас күйінде автобус айдаған 600 жүргізуші жазадан сытылып кеткен
Елімізде  мас күйінде автобус айдаған 600 жүргізуші жазадан сытылып кеткен

Елімізде мас күйінде автобус айдаған 600 жүргізуші жазадан сытылып кеткен

Елімізде бетімен кеткен автобус жүргізушілері жаппай аттестатциядан өтеді! Өйткені, теңге үшін жылдамдықты үдететіндердің кесірінен жолда өлім-жітім азаймай тұр. Сондықтан, адамдардың өмірі үшін алаңдаған Бас прокуратура қоғамдық көлікті тізгіндегендердің біліктілігін тексермек. 

Ал жол ережесінен тапсырылатын сынақтан сүрінгендерге адам тасымақ түгілі рөлге отыруға мүлдем тыйым салынады. Қарсы бағытқа шығуды әдетке айналдырған автобустардың жүгенсіз жүргізушілерінің кесірінен талай жазықсыз жандардың өмірі қиылып жатыр. Бас прокуратура базар маңында заңсыз тұрақ ашып, жолаушы таситындарды да түбегейлі жауып тынбақ. Сонымен қатар, прокурорларды биылдыққа мас күйінде ұсталған  600 автобус жүргізушінің жазаланбауы шошытып отыр. Сол себепті жол полициясы мен әкімшілік соттың құжаттарын қайта көтеріп, тексермек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде