Назарбаев алдағы дүйсенбіде халыққа Жолдауын жариялайды
Бір жылда екі жолдау! Нұрсұлтан Назарбаев 30-шы қарашада Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялайды. Елбасы алдағы 1 жылға елдің даму болашағын тағы бір рет айқындап бермек. Бұл жолғы үндеуде негізінен әлемдегі ушыққан геосаяси жағдай кезінде тығырықтан шығудың жолдары айтылмақшы.
Автор: Ербол Сейілхан
26.11.2015
Ал Ақорда биылғы жолдаудың қай жерде оқылатынын әзірше құпия ұстап отыр. Негізі, президенттің ең маңызды стратегиялық құжатын жыл сайын әртүрлі ғимаратта жариялайтын дәстүрі бар. Маңызды шаруаның қамына кіріскен Елбасының баспасөз хатшысы Дәурен Абаев болса, жолдаудың өте қызықты болатынын мәлімдеп үлгерді. Айта кетсек, мемлекет басшысы соңғы жылдары жолдауын мерзімінен бұрын жариялап жүр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!