{metadescription}
Түріктер атып түсірген ресейлік СУ-24  ұшқышы  Өскеменнен болып шықты
Түріктер атып түсірген ресейлік СУ-24  ұшқышы  Өскеменнен болып шықты

Түріктер атып түсірген ресейлік СУ-24 ұшқышы Өскеменнен болып шықты

Сирияда өлген Ресейлік СУ-24 ұшағының ұшқышы Шығыс Қазақстан облысының тумасы екен. Олег Пешков Өскемендегі №29-шы мектепте оқыпты. Сирияны бомбалап жүріп, өзі түрік әуе күштерінің нысанасына ілінген шәкірттерін ұстаздары еске алып, бүгін тіпті мектепке суретін қойып жиын өткізді. 

Марина Кикина, мектеп директоры:

-Олегке ағылшын тілінен үш жыл сабақ бердім. Орта бойлы, ақкөңіл оқушы еді. Қаза тапқан ұшқыштың аты-жөнін естігенде бірден сол кездер есіме түсті. Олег Пешков мектепті бірыңғай беске бітірген болатын. 

Олег Пешков Ресейге 2000-шы жылы қоныс аударыпты. Өскеменнің тумасы Сирияны бомбалауға алғаш болып аттанғандардың бірі екен. Пешков тізгінін ұстаған СУ-24-ті сейсенбі күні түрік әуе күштері атып түсірген болатын. Екі ұшқыш та секіріп үлгергенімен, Пешковты содырлар жерге жеткізбей атып өлтірді. Екіншісін сириялық әскерилер құтқарып қалған. Ал Түркия мен Ресей болған жайтқа бірін-бірі кінәлап жатыр. Анкара ресейлік ұшақ ескертуді елемей шекара кескенін айтса, Мәскеу мұны мойындап отырған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде