Ақышев 20 мыңдық купюра жайлы Назарбаевқа айтып берді
Осы кездесуден соң Нұрсұлтан Назарбаев Ақордаға Ұлттық банктің төрағасын шақыртты. Данияр Ақышев бұл қызметке тағайындалғалы бері президенттің жұмыс кабинетіне жиі кіріп жүр. Бұл жолы Ақышев жағымды жаңалығымен бөлісіп, айналымға 20 мыңдық купюраның түскенін қуана баяндады. Сонымен қатар, қаржы нарығын тұрақтандыру, теңге бағамын құлдыртпай ұстап тұру тұрғысында атқарып жатқан жұмыстары жайлы есеп берді. Жолдауда тапсырылған істі, яғни инфляция деңгейін бақылау, Ұлттық банктен қаржы институтарын бөлу секілді шаруаларды қалай реттейтінін де түсіндірді.
Автор: Ербол Сейілхан
02.12.2015
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
20 желтоқсан
Серіктестер жаңалықтары