{metadescription}
Дағдарыс кесірінен еліміздегі туристік компаниялар жаппай қысқаруы мүмкін
Дағдарыс кесірінен еліміздегі туристік компаниялар жаппай қысқаруы мүмкін

Дағдарыс кесірінен еліміздегі туристік компаниялар жаппай қысқаруы мүмкін

Жаңа жылдық жолдамаларға сұраныс азайды! Мереке жақындаған тұста жүгін жинап, шет ел асатын отандастарымыздың саны биыл 25 пайызға кеміген. Мамандар бұған бірден-бір себеп нарықтағы дағдарыс деп отыр. Әрі бұл құлдыраудың басы көрінеді. Жаз мезгілінде шетелге баратын туристердің саны 2 есеге дейін азаюы мүмкін. Ал жаңа жыл алдындағы жағдай кей бағыттағы жолдамалар құнының арзандауына алып келген.

Жаңа жыл жақындаған тұста көптеген отандастарымыз жылы жаққа барып, жағажайда демалғанды жөн көреді. Дегенмен, биыл мереке алдында жүгін жинап, шет ел асуды жоспарлағандар саны әлдеқайда азайған. Туризмнің басы-қасында жүргендердің айтуынша, мерекелік жолдамаларды сату өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға дейін кеміген. 

Евгения Хохленко, туристік компания директоры:

- Әрине, турисм саласына дағдарыс әсер етпей қоймады. Биыл жаңа жылды шетелде қарсы аламын деушілер саны азайып отыр.Туристер де неғұрлым қолжетімді сапарларды сұрауға көшті.Сондықтан қазір жолдамаларға да түрлі жеңілдіктер болып жатыр.

Бұл жағдай алты құрлықтың кей бұрыштарына саяхаттаудың құнын төмендетуге әкелген. Әсіресе, Еуропа елдеріне жолдама бағасы еселеп түсіп отыр. Мәселен, Италиядағы жаңа жылдық саяхат құны бір аптаға 250 еуроны құрайды екен. Яғни бұл теңгеге шаққанда 80 мың. Дегенмен, мамандар туризм саласындағы құлдыраудың көкесі жазда болуы мүмкін дейді. Болжам бойынша, жазда шет ел асатындар саны 2 есеге азаймақ.

Денис Кривошеев, Қазақстан туристік агенттіктер қауымдастығының өкілі:

- Біз қыс мезгіліндегі емес, жазғы жолдамалардың құлдырауынан қорқып оытрмыз. Еліміздің туризм саласына қауіп төніп тұрғаны рас. Өткен жаз мезгілінде бір ғана елге Қазақстаннан 250 мың турист барса, келесі жылы маусымда олардың саны 100-120 мыңға дейін түсуі мүмкін.

Мұндай жағдайда, еліміздегі 2 жарым мыңнан астам туристік компаниялардың да саны азаяды.

Ал Ресей мен Түркия арасындағы алауыздық отандық туристерге еш зиянын тигізбейді дейді мамандар. Қазір Түркия жолдамаларының құны  төмендей түскен. Сондықтан еліміздегі ресейлік компаниялардың бұл бағыттағы сапардан бас тартуы қазақстандық туристік фирмалар үшін керісінше тиімді, яғни олардың қызметін пайдаланушылар саны арта түспек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.