{metadescription}
Астанада ашық жатқан құдыққа құлаған қыз ажалдан аман қалды
Астанада ашық жатқан құдыққа құлаған қыз ажалдан аман қалды

Астанада ашық жатқан құдыққа құлаған қыз ажалдан аман қалды

Астанада жаяу мектептен қайтқан 9 жасар қыз құдыққа құлап кетті. Люктің бетін қар жапқандықтан 3-ші сынып оқушысы оның ашық жатқанын байқамапты. Ал жанұшыра айқайлаған қызға осы маңнан өтіп бара жатқан адамдар көмекке ұмтылған.

-Ағатай құтқарыңызшы! Жылама, қазір ағаң көмектеседі.

Айқайлаған қызға куәгерлер тез келгенімен, оны бірнеше метрлік құдықтан  шығарып алу оңай болған жоқ. Арқан іздеуге де уақыт кетті. Соңында еңгезердей 4 жігіт оқушыны дереу құтқаруға кіріскен. Үшеуі арқанды ұстаса, бірі құдыққа түсіп, жасөспірімді құтқарушылар жетем дегенше аман-есен алып шықты. Астанадағы №73-ші  физика-техникалық лицейі шәкіртінің денсаулығына төнген қауіпті ештеңе жоқ. Тек қатты шошып, қолын жеңіл-желпі үсітіп алған. Осы қайғылы аяқтала жаздаған оқиғадан кейін  коммуналдық мекемелер Астанадағы құдықтарды дереу тексеруге көшті.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде