{metadescription}
Қыс қайта қаһарына мінді
Қыс қайта қаһарына мінді

Қыс қайта қаһарына мінді

Ұзақ жылымықтан кейін  қыс қайта қаһарына мінді. Еліміздің солтүстік, шығыс, батыс және орталық өңірлерінде ұйтқыған боран соғып , жолдар жаппай жабылып жатыр.

Мәселен, түнде Ақтөбе облысында ауданаралық жолдар тегіс жабылған. Таңға жақын кейбірі ашылғанымен жүргізушілерге алыс сапарға шықпау туралы ескертілді. Ақтөбенің өзінде, секундына 25 метр екпінмен соққан жел боранға ұласып, коммуналдық мекемелер қарды техникамен де, күрекпен де  аршуға мәжбүр болды. Тазартушылар үлгермей жатқандықтан көшелер көлікке толып, бағдаршамдар істен шыққан.Соңғы айларда ызғар білінбеген Астанада қазір боран. Ал нағыз қаһарлы қыс сенбі мен жексенбіде күшіне мінеді. Еліміздің барлық аймағында боран соғып, көктайғақ болып, тіпті тұман түспек. Синоптиктердің болжамынша, сынап бағанасы -35 градусқа дейін жетеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.