{metadescription}
Доллар секунд сайын қымбаттап жатыр
Доллар секунд сайын қымбаттап жатыр

Доллар секунд сайын қымбаттап жатыр

Теңге тағы да антирекорд жаңартты. Күн санап құнын жоғалтқан ұлттық валюта бүгін кезекті рет құлдырады.

Қазір айырбастау бөлімшелерінде бір доллар 347 теңгеден саудаланып жатыр. Осылайша шетел валютасы бір күннің ішінде үш теңгеге қымбаттады. Атап айтқанда түске дейінгі бағам  344 теңгеге бағаланған. Доллардың бұлайша сағат санап қымбаттауын АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің шығарған шешімімен байланыстыруға да болады. Себебі  2008 жылдан бері өзгермеген АҚШ валютасының мөлшерлемесі екі күн бұрын 0,25 пайызға көтерілді. Бұл өзгеріс әлемдік нарықтағы мұнай бағасына да әсер етіп, қара алтын құнын құлдыратып жіберді. Бүгін Брент маркалы мұнайдың бір баррелі қор нарығында 36 долларға дейін арзандады. Алайда кейбір экономистер АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің шешімі бізге тікелей әсер етпейді дейді. Сондықтан әзірше доллар сатып алуды доғара тұру жөнінде кеңес беруде. 

Андрей Коваль, қаржыгер:

-Қаржы нарығында болып жатқан жағдайды жәй дүрлігу деуге болады. Қазір банктер мен тұрғындар соңғы теңгесіне дейін долларға ауысытырып жатыр. Негізі, бұл жағдайда АҚШ валютасын сатып алуға асықпау керек. Өйткені еліміздегі төлем жүйесі теңгемен жүргізіледі. Сондықтан ертең барлығы долларларын қайтадан теңгеге ауыстыра бастағанда, АҚШ валютасы өздігінен арзандауы мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде