{metadescription}
Елімізде принтермен  жалған ақша басушылар  көбейген
Елімізде принтермен  жалған ақша басушылар  көбейген

Елімізде принтермен жалған ақша басушылар көбейген

Абайлаңыз жалған ақша! Елімізде купюраны қолдан жасаушылар көбейген. Алаяқтар тіпті, банкнот басуды шебер меңгеріп алыпты. Сондықтан қулардың басқан ақшасын арнайы маман мен аппарат болмаса, түпнұсқадан ажырату қиын. Оңай олжаға құныққандар тіпті пәтерлерінде отырып теңге басуды кәсіпке айналдырған.

Бұл ақшаға құныққандардың Алматыда қолға түскен сәті. Пысықайлар кәдімгі принтермен жалған теңге басып келген. Онысын көбіне базарлар мен кішігірім дүкендерге өткізіп отырыпты. Бірақ, «тез байысам» деген қулықтары ұзаққа созылған жоқ.

- Андрей, қандай мақсат үшін ақша бастың?

- Өткізу үшін.

Алаңдатарлығы сол,елімізде қолдан ақша жасаушылар саны күрт артыпты. Биылдыққа аңғал адамдарды алдап соққан 2 жарым мыңнан астам алаяқ ұсталып, 10 цех жабылған.

Ерден Жұма, Мемлекеттік кіріс комитетінің сарапшысы:

-Жалған ақшаны көбіне жанармай құю бекеттеріне, қондырғылары жоқ дүкенге, таксиге, көбіне қараңғыда таратады.

Алаяқтар күдік туғызбас үшін 200, 500, 1000 теңгелік банкноттарды жасайды екен. Өйткені, жұрттың көбі оны анықтап қарамайды. Ал, қалған ірі купюралар лазерлі түрлі-түсті принтермен дайындалады. Оны арнайы маман мен тиісті аппарат болмаса анықтау мүмкін емес.

Марат Өмірғалиев, Мемлекеттік кіріс комитетінің тергеушісі:

-Сапалы жалған ақшаны анықтай алмағанда осындай аппарат көмегіне жүгінеміз. Бұл кез-келген купюраны түпнұсқа ма жоқ па 100 пайыз анықтап береді. Осындай әр түрлі аппараттар бар. 

Алайда, бұндай қондырғылар кәсіпкерлік нысандарының көпшілігінде жоқ. 

Ілияс Кенжеғалиев, ҚР Ұлттық банкі басқарма басшысының орынбасары:

-Жаңа технологияментеңге басып шығарсақ та, біреулер соның көшірмесін жасауға асығады. Бұл ешқашан тоқтамайды. Бірақ біз жалған ақша жасаушылардан үнемі бір қадам алда болып, теңгенің көшірмесін жасай алмайтындай етеміз. 

Қысқасы, дүкен мен базарларда, көшеде, жалпы кез-келген жерде ақшаны айырбастау қауіпті боп тұр. Ал, мамандар алаяқтың арбауына түспеу үшін ақшаны жақсылап тексеріп алуға кеңес береді. Егер күдігіңіз болса, тамшы су төгіп сүрткен дұрыс. Бояуы езіліп кетсе, ол- жалған ақша. Қазір айналымда қанша көлемде жалған теңгенің жүргенін шенеуніктердің өздері де білмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде