Павлодарда полицейді өлтірген қаскөй ұзақ уақыт бостандық көрмейтін болды
Павлодарда полиция қызметкерін тура жұмыс орнында пышақтап өлтірген қаскөй 18 жылға бас бостандығынан айырылды. 30 жастағы Харки Арлидің учаскіде жалғыз отырғанын пайдаланған Бауыржан Тасыбаев оның тапаншасын тартып алмақ болады. Оған қарсылық көрсеткен инспекторға қойнындағы пышағын алып шығып, 8 жерден жарақаттаған.
Автор: Әйгерім Шакаманова
25.12.2015
Қанды оқиға маусым айында болды. Бұған дейін бүкіл қаражатын ойын автоматтарына салып, ұтылған Тасыбаевты жүкті әйелі үйіне кіргізбей қойған екен. Ашуға бой берген ол мына полиция учаскесіне келіп, әлдебір құжаттың керек екенін айтқан. Кейін қойнындағы пышағын алып шығып, тәртіп сақшысынан тапанша беруін талап етіпті. Ақыры сөзге көнбеген 30 жастағы Харки Арлиге сегіз жерден пышақ салып, ізін суытқан. Қансыраған полицей жедел жәрдем жеткенше сол жерде көз жұмды. Ал көп ұзамай құрықталған Бауыржан Тасыбаев оның мылтығынан атылып өлмекші болған көрінеді. Қылмысты «ашу үстінде жасадым» деп ақталған қаскөйдің өзі бүгінгі сотта болған жоқ. Дегенмен үш бірдей бап бойынша айыпталған азаматты прокурорлар 19 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Мемлекеттік айыптаушылардың уәжімен судья та келісіп, тек 19-ды бір жылға қасқартты. Бірақ 18 жылын қатаң тәртіптегі колонияда өтеуі тиіс.
Рустам Баисов, Павлодар облыстық соты 10-шы басқармасының прокуроры:
- Тасыбаев кінәсін жартылай ғана мойындады. Кісі өлтіруге қызбалықпен барғанын айтқан ол марқұмның туыстарынан сот залында кешірім сұрады. Жалпы, мұндай қылмыс үшін 20 жыл беріледі. Ал төрт баласының барына байланысты Тасыбаев 18 жылға бас бостандығынан
айырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!