Қарағанды тұрғыны қалаға аяз атаның мүсінін жасау үшін астындағы көлігін сатқан
Қарағанды тұрғыны қалаға биіктігі 4 метр болатын шырша емес, Аяз атаны қолдан жасап, тарту етті. Автошеберхана жұмысшысы жаңа жылдың жаршысын жасауға 4 айын сарп етіп, материал алу үшін тіпті көлігін де сатып жіберген.
Автор: Саят Сабдалы
28.12.2015
Мүсін қаладағы Достық сарайының алдындағы шырша жанынан орын тепті. Денис Евтухов Аяз атаның қасына Ақшақарын да қосуды жоспарлаған екен. Бірақ оған уақыт та, қаржы да жетпей қалды дейді. Соғылған көліктерді түзетіп үйреніп қалған ол үшін мүсін жасау қиындық туғызбапты. Тек қолданылған материалдарды алдыру жағы қиын болған. Өйткені полиуретан мен арнайы пластик шетелден тапсырыспен жеткізілген екен. Сондықтан көлігін сатуға тура кепті.
Денис Евтухов, Қарағанды қаласының тұрғыны
- Қалама сыйлық ретінде жасалды. Сапасы өте мықты. Егер болашақта қызығушылық танытатындар болса, кез-келген мүсінді жасап беруге болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!