Атырауда құнды балық пен қара уылдырық пешке тасталды
Күлге айналған құнды балық пен қара уылдырық! Атырауда екі тоннадан астам бекіре мен қорытпа тұқымдас 2 тонна балық пен 24 келі қара уылдырық арнайы пешке тасталды.
Автор: Жанар Низамутдинова
28.12.2015
Бұлардың барлығы да браконьерлерден тәркіленген. Осы уақытқа дейін оларды жоюдың белгілі бір тәртібі болмағандықтан, прокурорлар балықтар мен уылдырықты мұздатқышта екі жыл бойы сақтапты. Тек биылғы жылдың қыркүйегінде ғана Ауыл шаруашылығы министрлігі тәркіленген бекіре мен уылдырыққа қатысты арнайы баға бекітіпті. Соған сәйкес, тәркіленген бекіренің бір келісін 1555 теңгеге, ал қара уылдырықтың бір келісін 140 мың теңгеден сатуға болады. Прокурорлар тек 900 келіге жуық құнды балықты сатып үлгеріп, мемлекетке 1 жарым миллион теңге түсіріпті. Ал осы уақыт ішінде бұзылып кеткен теңіз өнімдерін жоюға тура келді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!