Алматылық жұбайлар үйлену тойы алдында мүгедек балаларға дастархан жайды
Елімізде тағы бір жас отау той алдындағы сауық-сайранның орнына қайырылымдылық шарасын өткізді. Алматылық жұбайлар мүмкіндігі шектеулі балаларға дастархан жайып, сыйлықтар тарту етті.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
29.12.2015
Шаңырақ көтерген Ардақ пен Гүлжан неке сарайынан шыға салысымен, өздерін күткен балаларға асықты. Олар қымбат лимузин мен өзге де дүниелерге шығындалудан бас тартқан. Ал, қуаныштарын мүмкіндігі шектеулі жеткіншектермен бөлісуді екі жас көптен жоспарлап келген екен. Себебі, қалыңдық пен күйеу жігіт бірнеше жылдан бері осы балаларға ерікті түрде көмектесіп келеді. Олар бүгін жиналған балаларға шашу шашып, ерекше тойбастар сыйлықтарын табыстады.
Гүлжан Қалиқызы, қалыңдық:
- Бауыр басып қалдық балаларға. Және енді осындай қуанышты күнімізді солармен бөлісейік деп, бір жағынан кіріп кетейік деп, сөйтіп осы жерге жиналдық. Ең басты мақсатымыз балалар көрсін деген ғой. Ертең мысалы ұмтылатын жері болсын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!