Жамбыл облысында дәрігерлер әжетхананың шұңқырынан табылған сәбидің денсаулығы туралы айтты
Жамбылда көкек ананың жауыздығы жұрттың жағасын ұстатты. Белгісіз келіншек күре жолдың бойындағы әжетханаға сәбиін босанып тастап кеткен. Нәжіске малынып, шырылдап жатқан шақалақты дәрет сындыруға тоқтаған жүргізушінің бірі байқап, дереу дәрігерлерді шақыртыпты.
Автор: Руслан Әбдіхалық
07.01.2016
Нәрестені терең шұңқырдан алып шығу үшін төтенше жағдай қызметкерлеріне дәретхананың еденін бұзуға тура келген. Ақ халаттылардың мәліметінше салмағы 3 келі 600 грамм болатын шақалақты анасы 30-40 минут қана бұрын босанып қалдырып кеткен. Құрсағын жарып шыққан перзентін қасақана өлімге қиған тасбауыр келіншек әзірге таптыратын емес. Ал өлім аузынан қалған қыз бала қазір Тұрар Рысқұлов ауданындағы орталық аурухана дәрігерлері емдеп жатыр. Қатты тоңып қалғаны болмаса жағдайы қалыпты.
- Еміп жатыр, еміп жатыр. Жаным, бергенді ішіп алады. Жаным сол
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!