Жұртты шошытқан әке қыздарына арақ емес, суға дәрі езіп ішкізген болуы мүмкін
Полиция кішкентай қыздарына арақ ішкізіп, оны интернетке салған әкеге іздеу жариялады. Істі тіпті Ішкі Істер министрлігі тікелей бақылауға алып, даулы бейнежазбаның қай қалада түсірілгенін дереу тексеріп жатыр.
Автор: Ербол Сейілхан
18.01.2016
-Біреуін ұрайық болды. Тоқта ей, соғыстырамыз. Мына алқаш ұрып жатыр ғой. Біздің Зарина деген алқашымыз.
Күллі елді шошытқан әке шамамен 7-8 және 3 жасар қос қызына арақ құйып, бірге ішеді. «Әлі мас болмадым» деген үлкені тағы ащы су сұрап, 3 стакан арақты қылғыта салады. Ал әкесі болса балаларын «алқаш» деп, әйелімен дастархан басында мәз боп отыр. Алайда, видеоны көргендер қыздар арақ емес, су ішкен десе, кейбірі ата-анасы алдап дәрі езіп берген деп болжайды. Тіпті қызық үшін түсірген дейтіндер де табылып жатыр. Бірақ, көпшілік қыздарын жаман әдетке үйір қылған әкені ата-аналық құқығынан айырып, жазалауды талап етуде.
-Ішпейсіңдер. Ішеміз. Соғыстырыңдар енді. Анау бірден ішіп қойды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!