Елімізде аяз күшейді
Қостанай облысы демалыс күндері қарлы боранның құрсауында қалды. Қарыс жер көрінбейтін ақтүтекте бірнеше көлік жолдың жиегіне ауып кеткен.
Автор: Әйгерім Асқарқызы
18.01.2016
Мына ақ көліктің жүргізушісі көмекті көп күтпеді. Жолай өтіп бара жатқан джип сүйреп шығармақ болғанда, екінші жағынан құтқарушылар да келіп жетті. Тіпті шағын автобус та тоқтап, 15 шақты жолаушысы шығып көмектесті. Жалпы, өткен демалыс күндері Қостанай облысының жолдарында қалған 86 көлік пен 150 адам құтқарылған. Ал синоптиктер, апта соңына дейін Арқада минус 35 градусқа дейін үскірік аяз тұрады деп болжам айтып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары