{metadescription}
Алматыда «Оңай» жүйесіне қарсы шыққан  жолаушылар тексерушілермен төбелесті
Алматыда «Оңай» жүйесіне қарсы шыққан  жолаушылар тексерушілермен төбелесті

Алматыда «Оңай» жүйесіне қарсы шыққан жолаушылар тексерушілермен төбелесті

«Оңай» жүйесі қиын болып барады! Алматыда билетсіз жүрген жолаушылар, жаппай әкімшілік жазаға тартылып жатыр. Тек бір сағат тексерудің өзінде жол ақысын төлемеген 200-ге тарта адам анықталған. Жаңа жүйеге әлі де көшпегендер аз емес. Бірыңғай көлік картасы оқушыларға уақытылы берілмейді деп мұғалімдер де шағымданып жатыр. Ал қолма қол ақшадан қағылған автобус жүргізушілері бүгін тіпті жолға шықпаймыз деп, қиғылық салды.

-Қол қоймаймын, ал, апарып соттап жібер.

–Жақсы. Жүріңіз бөлімге.

Алматы аялдамаларындағы осындай қарбалас бүгін ерте басталды. Тәртіп сақшылары мен тексерушілер ала таңнан билетсіз жолаушыларды жазалап жатыр. Бірер сағаттың ішінде «Оңай» арқылы төлем жасамай, 4 мың теңге көлемінде айыппұл арқалағандардың саны 200-ге жуықтайды. Тіпті, заңмен бекітілген ережеге бағынбай, қарсылық білдіргендер де бар.

Әкімшілік жазаға тартылғандардың басым бөлігі жол ақысын жүргізушілерге төлеген. Себебі, қоғамдық көлікке сирек мінетіндер үшін бірыңғай көлік картасы мүлдем тиімсіз екен.

- Маған керегі жоқ. Мен машинамен жүремін.

 -Бүгін міндіңіз?

 –Иә, бүгін.

-«Оңай» керегі жоқ.

«Оңайлықтар» тексеру жұмыстарын күшейте түскенімен, өздері оқушыларға төлем картасын уақытылы бермей келіпті. Бүгін 2 мыңға жуық баланың электрондық жүйеге көше алмай жүргенін айтып бір топ мұғалім шағымданды.

Альбина Әметова, №153 мектеп-гимназия мұғалімі:

-Неге уақытында өздері дайындамайды карточканы. Жылатып оқушыларды автобустардан түсіруге  ешкімнің қақысы жоқ деп ойлаймын.

Мұғалімдер оқушыларды тіркейтін бағдарламаның да жөнді жұмыс істемейтінін айтады. Амалы қалмаған оқушылар, қазір автобустарға бірыңғай көлік картасымен 80 теңге төлеп жүр.Ал бұл – автобус жүргізушілерінің айқайы. Әдетінше ақша алып қойып, енді айыппұл арқалағандар №65 бағыттағы қоғамдық көліктің қозғалысын тоқтатты. 23 автобусты жол бойына тізіп қойған олар бірыңғай көлік картасының өздері үшін тиімсіз екенін айтады.

Ерлан Түргенбаев, автобус жүргізушісі:

-Бұлар әшейін делдалдар. Біз еңбек етіп жатырмыз. Біздің ақымызбен парктің ортасындағы ақшаның пайызын қиып алып қалып жатыр.

«Оңайға» қарсы жүргізушілер енді қолма қол төлем қайтарылмаса, жұмысқа мүлдем шықпаймыз деп тарқасты.

Дегенмен көлік холдингі бұл әрекеттер жалғасатын болса,аталған бағыттағы автобустар тиесілі фирмамен байланысты үзуге бекініп отыр. Яғни, енді «Оңайға» қарсы жүргізушілерді де, билетсіз жолаушыларды да аямақ емес. Тексеру жұмыстары одан әрі күшейтіліп, күн сайын жүргізілетін болады. Ал кемшіліктердің бәрін жақын арада қалпына келтірмек. Тіпті, алдағы уақытта электрондық төлем жасау қаланың шеткі аумақтарына қатынайтын қоғамдық көліктерге де орнатылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде