{metadescription}
Маңғыстау облысында жаңа туған сәбиін жол бойына тастап кеткен анаға іздеу жарияланды
Маңғыстау облысында жаңа туған сәбиін жол бойына тастап кеткен анаға іздеу жарияланды

Маңғыстау облысында жаңа туған сәбиін жол бойына тастап кеткен анаға іздеу жарияланды

Маңғыстау облысында жаңа туған шаранасын қоқысқа тастаған безбүйрек анаға іздеу жарияланды. Нәрестенің өлі денесін Ақтау-Атырау тас жолының бойындағы Сарға ауылының тұрғындары тауып, полицияға хабар берген. Көкек ана сәбиін картон қорапқа салып кетіпті. Қыршынынан қиылған қыз баланың қашан туылғаны белгісіз. Анасының кім екенін де тәртіп сақшылары әлі анықтай қойған жоқ. Қазір осы оқиғаға қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін полицейлер ауыл-ауылдарды аралап жүр.

Жазира Әбіл, Маңғыстау облыстық ІІД ресми өкілі:

-Қазір мәйітке сот-дәрігерлік сараптамасы тағайындалды. Оның қортындысы әлі дайын болған жоқ. Бейнеу аудандық Ішкі істер қызметкерлері тарапынан ҚР ҚК 100-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл «жаңа туған баланы ананың өлтіруі» деген бап бойынша.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде