Елімізде дәрігерге кеш көрінген бір азамат тұмаудан көз жұмды
«Доңыз тұмауы» Қазақстанға да жетті. Қауіпті кеселден бір отандасымыз көз жұмған. Эпидимиологиялық ахуалдың ушығып кетпесі үшін Денсаулық сақтау министрлігі дереу қамданып жатыр. Үкімет 1 миллиард бөліп вакцина сатып алынған. Ал бүгін еліміздің бас санитар дәрігері қауіпті індеттен сақтанудың жолдарын айтып, жұртты вирусқа қарсы екпе салдыруға кеңес берді.
Автор: Досжан Маратұлы
19.01.2016
Жұқпалы аурудың тез тарайтыны соншалық, ұшақтың жылдамдығынан кем емес. Сол жылдамдықпен шекара асқан доңыз тұмауы Қазақстанға жеттіп, жұртты шошытып жатыр. Тіпті қауіпті дерттен бір адам қайтыс болған. Әзірше, Денсаулық сақтау министрлігі марқұмның аты-жөнін, қай қаладан екенін, медициналық құпияға жатқызып ашып айтпай отыр. Қаралы статистиканы көбейтпеу үшін еліміздің бас санитары вакцинаны қабылдап, иммунитетті күшейтуге кеңес берді.
Жандарбек Бекшин, ҚР бас санитар дәрігері:
-Суық кезең келгенде реапираторлық вирустық инвекциялар шығады.Одан кейін ең қауіпті тұмау ауруы қосылады оған. Тұмау ауруымен мен өзімнің қашан ауырғанымды білмеймін. Соңғы 15 жылда вакцина қабылдап келемін.
Иммунитеті мықты Бекшин өзін ғана емес, халықты аурудан сақтаудың жолын ойластырып қойған. Тіпті Үкімет дағдарыстың кезінде бюджеттен 1 миллиард теңге тауып, вакцина сатып алған. Ең алдымен балалар, жүкті келіншектер мен зейнеткерлер екпені тегін алады. Ал қалған тұрғындар ақылы қабылдауы қажет. Бұдан бөлек, бас санитар жұртты қымбат дәрі алып, алданып қалмауын сұрады.
Ал «доңыз тұмауы» Украиндықтарды сұлатып жатыр. Мұндағы барлық ауруханалар қазір науқастарға лық толы. Украинадағы өлім-жітім шынымен адам шошытады. Қыс түскелі 46 науқас көз жұмған. Арменияда да жағдай мәз емес. Үлкен-кіші жапай доңыз тұмауына шалдыққан. Мектептерде карантин жарияланып, жұрт аса сақтыққа көшкен. Өйткені, сырқаттанғандардың көбі балалар. Аты жаман індеттен қазірдің өзінде 16 адам көз жұмған. Біртіндеп Қазақстанға ойысып келе жатқан індеттің алдын-алмаса эпидимиологиялық жағдайды ушықтыруы ықтимал.
Осылайша әлемді дендеген індет елімізде осы айдың аяғында өршуі мүмкін. Сондықтан тұмаудың алғашқы белгілерін байқасаңыз бірден медициналық көмекке жүгінген дұрыс. Өйткені, доңыз тұмауының белгілері де суық тигенмен бірдей. Ал, қауіпті ауруға дер кезінде қарсы тұрмаса, арты қайғылы жағдайға апаруы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!