Өскеменде көлік тонаумен айналысқандар ұсталды
Өскеменде көлік жөндеу орталығының шебері мен таксист екі аптаның ішінде 35 көлікті тонап кетті. Бір қызығы олар машиналардан тек аккумуляторын шешіп әкетіп отырған. Жастары жиырмаға да толмаған екі дос көбіне ресейлік ВАЗ көліктеріне қырғидай тиіпті. Өйткені дабыл құрылғысы жоқ және есік-терезесі алқам-салқам келетін оларды тонау қиындық туғызбайды екен. Күдіктілер жорықтарына түн қата шығып, аулада қараусыз тұрған көліктерді ойрандап келген. Тергеу абақтысына қамалған күдіктілердің осындай басқа да қылмыстарға қатысы анықталып жатыр.
Автор: Саят Сабдалы
20.01.2016
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
29 қараша
Серіктестер жаңалықтары