Ақтауда крещение мерекесі кезінде суға кеткен жігіттің денесі әлі табылмай жатыр
Ақтауда православтардың крещение мерекесі қайғылы жағдаймен аяқталды. Толқыны қатты соғып тұрған Каспийге сүңгіп шықпақ болған 25 жастағы азамат суға тұнғышығып өлген.
Автор: Сандуғаш Шортанова
20.01.2016
Ол теңізге түсуге рұқсат етілмейтін құздан секірген көрінеді. Күшті толқыннан жартасқа бірнеше рет соғып есінен танған жігітте су кері тартып әкеткен. Жағалаудағы туыстары да әрекет етіп үлгере алмай қалыпты. Кейін келген құтқарушылар да ең болмаса оның мәйітін таба алар емес. Мамандар жігіттің өлі денесін іздеуді кешеден бері тоқтатқан жоқ. Алайда тек дүрбімен бақылап, жағалауды торуылдауға мәжбүр. Сүңгуірлер су астына дауылдың беті қайтқан соң ғана түспек.
Еділ Есбосынов, құтқарушы:
-Барлық техникамыз, киімдеріміз бәрі сақадай сай. Бірақ мынадай ауа райына байланысты теңізге шыға алмай отырған жайымыз бар. Толқын бір балдан жоғары болғанда бізге теңізге түсуге болмайды. Өз өмірімізге қауіпті. Қазір толқын 3-4 балдың шамасында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!