{metadescription}
0:000:00
Алматыда доллармен бірге енді балабақшалардың ақысы көтерілуде

Алматыда доллармен бірге енді балабақшалардың ақысы көтерілуде

Бағамның кесірі балаға да жетті! Доллармен бірге енді мектепке дейінгі мекемелердің де ақысы көтерілді. Шетел валютасы секілді екі есеге қымбаттап шыға келген баға, әсіресе, көпбалалы ата-аналардың қалтасына ауыр тиіп тұр. Бұрын бір үйден екі-үшеуден бақшаға барып жүрген балалар енді ақы көтерілгелі құрдастарынан қол үзіп үйде отыр.   

Мәриям мен Батырханның бар ермегі осы бөлме. Бүлдіршіндер бір аптадан бері балабақшаға бармай жүр. Оған төлемақының өскені себеп.

-Сен суретті жақсы салады дейді ғой, қане салшы бізге? 

Ал баға бірден екі есеге өскен. Бұған дейін бір бүлдіршінге 8 мың теңге төлеп келген отбасы, бұл айдан бастап екеуіне 34 мың теңге төлеуі тиіс. Қымбатшылықтың себебін әкімдік тамақтың бағасымен түсіндірген.            

Махамбет Әбжан, Астана қаласының тұрғыны:

-Біз аңқау емеспіз! Біздің де көзіміз бар. Базарға да, дүкенге де барып жүрміз, нанның бағасын көріп жүрміз, еттің де бағасын көріп жүрміз. Картоп, басқа да азық-түлікитер екі есеге қымбаттаған жоқ! Сондықтан, біз бұндай шешіммен келіспейміз.

Яғни, астаналық балалардың бір күндік жейтін асы 300 теңгеден 765 теңгеге бір-ақ көтеріліпті. Ал Алматыда баға девальвацияға дейін-ақ арзан болған емес. Еліміз бойынша ең қымбат балабақша осы оңтүстік асатанада екен. Жергілікті билік оны да тағы өсіргелі жатыр.

Ақнұр Нұрәлиева, Алматы қаласы білім бөлімінің бас маманы:

-Қаңтар, ақпанда көтеріледі деген жоқ. Наурызда енді біз білмейміз қалай болады ол жағын әлі шешілген жоқ деді  аудандық білім бөлімінің басшысы. Лл жоғары жақта қарастырылады.

Әкім әлі қаулы шығармағанымен, тәрбиешілер ата-аналарға естіртіп, қымбатшылыққа алдын ала дайындап қойған.              

Дана Ерлан, Алматы қаласының тұрғыны:

- Балалардың төсегін, сүлгілерін гаршоктарын ауыстырамыз.. Бізге тамақтардың бәрі қымбат келеді. Мен оған қарсымын!

-Міне, үш балам менің. Үлкені-Нұрасыл, ортаншысы-Ерасыл, кішісі-Інжу. Өте жақсы көреді балабақшаға баруды.

Бірақ енді Нұрасыл да, Ерасыл да, олардың соңынан ілескен Інжу де балабақшадан қағылайын деп отыр. Өйткені әрқайсысының төлемақысы 28 700 теңгеден 40 мың теңгеге дейін өспек. Жүз мыңнан асып жығылатын ақша аналарында жоқ. Сөйтсек бұл тек бастамасы ғана екен. Көктемде төлемақы тағы көтерілетін көрінеді.     

Гүлмира Ілиясова, балабақша меңгерушісі:

-Ол бір күнде көтерілген баға емес.Наурыз  айында да тағы бағалар көтеріледі дейді.

Төлемақыны көтеру арқылы шығынын түгендегендер ата-аналар келіспеген де. Ол тұрмақ, көптен бері көпбалалы отбасыларға жеңілдік те қарастырылмай келеді. Тіпті, 4 баласы бірдей балабақша қабырғасында жүрген отбасыларға да бірде бір рет көк тиын көмек көрсетілмепті. Балаларға деген мұндай немқұрайлықтан соң девальвацияға емес, ел демографияға көбірек алаңдау керек сияқты.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.