{metadescription}
Сирияда жойқын жарылыс болды
Сирияның Хомс қаласында екі бірдей жарылыс болып, 24 адам қаза тапты. Тағы жүздеген бейбіт тұрғын жараланған. Алғашқысында жарылғыш зат автокөлікке жасырылған екен. Ал екіншісін жанкешті іске қосқан. Желтоқсан айында билік пен оппозиция күштері келісімге келіп, Хомс Башар Асад әскерінің бақылауына өткен болатын. Алайда соңғы 1-2 аптада мұнда содырлар бас көтеріп, қалада бірнеше мәрте жарылыстар ұйымдастырған. Бұл жолғы лаңкестік әрекетті де «Ислам мемлекеті» ұйымы өз мойнына алып отыр.
Автор: Диас Нұрақын
27.01.2016
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!