{metadescription}
0:000:00
Елімізде 40 мың қарызы бар азаматтар ел аумағынан шыға алмайды

Елімізде 40 мың қарызы бар азаматтар ел аумағынан шыға алмайды

Енді 40 мың теңгеден астам қарызы бар азаматтар ел аумағынан шыға алмайды. Осылайша жаңа жылдан бастап борышкерлерге сәл жеңілдік жасалып отыр.

Себебі бұған дейін қарызы отыз мың теңгені құрайтын азаматтарға шекарадан шығуға тыйым салынған еді. Сондықтан қара тізімге іліккендер дәл сапар алдында жолынан қалып, жоспарланған демалыстарынан қағылғаны есте. Енді мұндай түсінбестіктер болмайды дейді мамандар. Өйткені бұдан былай кез-келген азамат өзінің қара тізімде бар-жоғын оңай біле алады екен. Ол үшін Әділет министрлігінің сайтына кіріп, жеке сәйкестендіру нөмірін терсе болғаны.

Гүлнар Көкебаева, Алматы қалалық Әділет департаменті басшысының орынбасары:

-Бұрын дер кезінде хабарландыру алмаған азаматтар шекарадан шыға алмай, дау тудырған кездер көп кездесетін. Енді қарызы бар-жоғын арнайы сайт арқылы анықтауға болады. Мұндағы мәліметтер күн сайын жаңарып отырады. Тек жеке куәлігіңіз болса жеткілікті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде