{metadescription}
Елімізде тұмауға байланысты шетелден келетін жолаушылар қырағы бақылауға алынды
Елімізде тұмауға байланысты шетелден келетін жолаушылар қырағы бақылауға алынды

Елімізде тұмауға байланысты шетелден келетін жолаушылар қырағы бақылауға алынды

Еліміздің вокзал, сапаржай мен әуежайларында доңыз тұмауына қарсы ауқымды тексеріс басталды. Эпидимиологтардың басты назарында - шетелден келетін отандастарымыз.

Астана халықаралық әуежайы да күшейтілген қызмет тәртібіне көшкен. Әсіресе, шетелден ұшып келген жолаушылар қырағы тексеріліп жатыр. Дәлірек айтқанда, арнайы құрылғы арқылы адамдардың дене қызуын өлшеуде. Әзірге қауіпті індеттің белгілері ешкімнен табылмаған. Бірақ, санитар дәрігерлер, доңыз тұмауы өршіп тұрған мемлекеттерге уақытша бармауға кеңес береді. Кеселдің көрші Ресейде кеңінен таралуы шекаралас облыстардағы эпидимиологиялық жағдайды да ушықтырып тұр. Айта, кетсек доңыз тұмауынан еліміздің бір тұрғыны көз жұмған. Қайғылы жағдайдың қайталанбасы үшін шенеуніктер сақтық шараларын күшейтуде.

Дария Әзімбаева, Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің бөлім басшысы:

-Санитарлық карантиндік бақылау 22 пунктте  жүргізілуде. Оның 14-і халықаралық әуежайларда, 6-уы теміржолда, 2-еуі теңіз портында өткізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде