СҚО-да казинода жүрген сәті видеоға түсіп қалған судья қызметінен кетті
Ойынқұмар судья! Солтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Андрей Дигант өз еркімен қызметтен кетті. Бұған судьяның Қапшағайдағы казинолардың бірінде отырғаны түсірілген бейнежазба себеп болған.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
27.01.2016
Мына видеоны жаңа жылдың алғашқы күндері сол ойынхана меймандары түсіріпті. Кейін оны монтаждап, әлеуметтік желілерге салған. Облыстық соттың өзіндік қауіпсіздік қызметі жүргізген тексеру нәтижесінде таспадағы адамның шынымен де Андрей Дигант екені расталды. Сөйтіп, судья өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазыпты. Ол мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы боп бір жыл бұрын тағайындалған болатын. Оған дейін Ақмола облыстық сотында қызмет еткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!