Атырау облысында қақаған қыста шырша отырғызған шенеуніктер күлкіге қалды
Құлсарыша шырша егу әдісі! Атырау облысында қақаған қыста тамырсыз шыршалар отырғызылып жатыр. Сөйтсе бұл қаланы көгалдандыру емес, аудан әкімдігінің облыс басшысы алдында көзге түспек болған әрекеті екен. Бақтықожа Ізмұхамбетов күні кеше ғана осындағы тұрғындарға су жаңа пәтерлердің кілтін тапсыруға келген-тұғын. «Құрметті мейманды» күтуге апыл-ғұпыл қамданған аудандағылар кесілген шыршаларды қадап, әлек болған.
Автор: Жанар Низамутдинова
27.01.2016
Мына кадрларды жергілікті тұрғындар түсіріп алыпты. Онда коммуналдық сала жұмысшысының киімін киген жігіттердің темір құбырларды жерге ұрып кіргізіп, оған тамыры жоқ шыршаларды орнатып жатқаны көрініп тұр. Көп болса 1 айдан соң қурап қалатын ағашты сонша жанталасып отырғызғанын жергілікті халық облыс әкімнің келуімен байланыстырып отыр. Ал Құлсары шенеуніктері бұл қылқан жапырақтыларды жаңа жылда сата алмаған кәсіпкер тегін берді деп түсіндірді. 40 талды қоқысқа тастағанша, осылай кәдеге жаратпақ болған түрлері екен.
Нұраддин Өмірбаев, Жылой ауданы әкімінің орынбасары:
-Бір кәсіпкер жаңа жылға сатуға шырша алып келеді. Оның қырық түбі өтпей қалады. Бюджеттен қаражат бөлінбеген,ештене шықпаған.Кәсіпкердің қоқысқа лақтырмай , көше әдемі болып тұрсын деп істеп жүргені ғой.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!