{metadescription}
Алматыда үлкен даудан соң айлық жол жүру билеті қайта енгізілетін болды
Алматыда үлкен даудан соң айлық жол жүру билеті қайта енгізілетін болды

Алматыда үлкен даудан соң айлық жол жүру билеті қайта енгізілетін болды

Алматыда жыл басында алынып тасталған жолақы жеңілдігі қайтарылды. Енді 1-ші наурыздан бастап оқушылар мен студенттердің, зейнеткерлер мен мүгедектердің бір айлық жол жүру билетімен қоғамдық көлікке мінуіне болады. Бүгін қалалық Мәслихат осындай шешім қабылдады. Сондай-ақ, жергілікті депутаттар нанды қымбаттатпау мәселесін қарастырып, балабақшалардың да ай сайынғы төлемін 15 мың теңге қылуды ұйғарды.

Бүгін қалалық мәслихат шаһар тіршілігіне қатысты бірқатар шешімдер қабылдап, алматылықтарды қуантты. Атап айтсақ, ақпанның бірінен бастап баласын балабақшаға апаратын ата-аналарға айтарлықтай жеңілдіктер жасалмақ. Яғни бір айлық төлем 27 мыңнан 15 мыңға дейін төмендетілген. Бұл өзгеріс 2-5 жас аралығындағы балаларға қатысты.

Мақсат Қиқымов, Алматы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы:

-Айлық есептік көрсеткіштің артқанын ескерсек балабақша құны кемі 38 мың теңге. Бірақ әкімдік бағаны түсіру үшін 2 млрд 945 млн теңге бөліп отыр. Енді мемлекеттік балабақшалардың айлық төлемі 15 мыңнан аспайды.

Сонымен қатар қала билігі айлық жол жүру билетін қайтару үшін де 2 миллиард  теңге бөліп отыр. Енді 1-ші наурыздан бастап оқушылар мен студенттер, зейнеткерлер мен мүгедектер қоғамдық көлікпен еркін жүріп-тұра алады. Ал бір айлық билет құны мың мен 3 мың теңге аралығында. Бірақ бұл «Оңай» жүйесі жойылады деген сөз емес. Себебі, жеңілдікті алу үшін міндетті түрде жеке төлем картасын толтыру қажет.

Дәурен Әлімбеков, Алматы қалалық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы:

Соғыс ардагерлері мен мүгедектері, 75 жастан асқан зейнеткерлер, 1 және 2-ші топтағы мүгедектер тегін тасымалданады. 4 баласы бар аналарға 50 пайыздық жеңілдік бар. Осылайша әрбір автопарк, әрбір бағыт пен автобустың қанша жолаушыны тасымалдағаны анық көрініп, ақша табысқа сәйкес төленеді. 

Қымбатшылық ас атасының бағасына әсер етпес үшін нанның құны 10 теңгеге өскен жағдайда кәсіпкерлерге 5 млрд теңге дотация аударылмақ. Осылайша бас-аяғы жарты сағатта 3 өзгеріс туралы мәселе көтеріліп, оның барлығы бірауыздан мақұлданды.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

Біз осы реформаға кірген кезде, оны жасаған кезде жалпы нарықтың көлемін көретін боламыз. Сосын біз халыққа оның жағдайын көтеруге арналған шешімдерді ақылдаса отырып қабылдаймыз деп айтылған еді. Сондай уәделер берілген еді, оны біз бүгін орындадық.

Одан бөлек әкімдік айлығы 48 мыңнан аспайтын 3 мың 600 балабақша тәрбиешілерінің жалақысын 30 пайызға арттырмақ.

-Әкімнен өзгесінің қазақшасы сәлемдесу мен қоштасудан аса алмағаны болмаса, айтылған сөздердің көпшілікті қуантқаны анық. Себебі жейтін наны, жүретін жолы мен баласының тәрбиесі үшін алынатын ақы азайтылды. Сонымен қатар былтыр оңтайландыру арқылы 18 млрд теңге үнемдедік деген алматылық атқамінерлер, биылғы бюджетті де бекітіп алды. Ол 370 млрд 215 млн теңгені құрады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде