Алматыда салық басқармасының басшысы ұсталды
Алматыда Медеу аудандық мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы ұсталды. Сәуле Сабалиева 2 жарым миллиард теңгені заңсыз жолмен қолма-қол ақшаға айналдырыпты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның мәліметіне қарағанда, шенді салықшы «Prestige строй» атты жалған фирма ашқан екен. Сол серіктестік арқылы 2014-2015 жылдары 2 жарым миллиард теңгені заңсыз жолмен жүйелі түрде қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Сабалиева тағы бір сыбайлас әйелмен бірге уақытша ұстау қапасына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Автор: Оразәлі Баймұрат
29.01.2016
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары