Қызылжарда тиін қаптап кетті
Мамандар мұны қарлы қыстың салдары дейді. Өздігінен азық тауып жей алмаған жануарларды қалалықтар да әбден қолға үйретіпті.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
01.02.2016
Тиіндер негізінен Батыс Сібірдің қылқан жапырақты ормандарынан ауып келген көрінеді. Тышқан тұқымдас жануарлардың тістері өмір бойы үздіксіз өсетіндіктен, олар ұдайы бір нәрсе кеміріп отыруы тиіс. Әйтпесе, өсіп кетіп, жақтары жабылмай қалады екен. Қызылжардың орталық саябағындағы мына жануарларды осында серуенге келетіндер қолдан азықтандырып үйреткен. Тек мұндай қамқорлықты биолог мамандар құптап отырған жоқ.
Владимир Вилков, биолог:
-Адамның қолынан азық жеп үйренген тиіндер өздігінен қорек табатын қасиетінен айрылады. Бұл оның өміріне қауіпті. Ертең адамдар оларды тамақтандыруды тоқтатса, жанурлар аштан өліп қалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!