Ұлттық банк валюта айырбасына қатысты дәлізді кеңейтті
Енді долларды алу мен сатудың айырмасы 6, еуро 7 теңгеге өсіріп отыр. Бұған дейінгі меже сәйкесінше, 2-3 теңге болатын. Дегенмен, бұл теңгенің бүгінгі бағамына кері әсер еткен жоқ. Қайта ұлттық валюта 3 теңгеге өсіп, АҚШ ақшасы 355-359 теңгеден сатылуда.
Автор: Ербол Сейілхан
01.02.2016
Ақша айырбастау орындары да осы бірінші ақпанды күтіп отырғандай. Шетел валютасын сату мен сатып алу айырмасын бірден 4-5 теңгеге өсіріп жіберген. Десек те, теңге соңғы күндері «анти рекорд» деген тіркестен құтылып, аз да болса өсіп жатыр. Тек сарапшылар мұны уақытша құбылыс дейді. Өйткені,мұнайдың бағасы сәл-пәл көтеріле бастаса, теңге күшейіп шыға келеді. Әлемдік нарықта, «қара алтын» құнының құбылып тұрғанын ескерсек, ұлттық валюта әлі өз шарықтау шегіне жеткен жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!