Семейде ерекше аты бар дүкен ашылды
«Барлығы рахмет үшін». Семейде осындай атаумен дүкен ашылды. Жаңадан пайда болған сауда орнында тұтынушылар ақша төлемейді. Ақы орнына «рахметін» айтса жетіп жатыр.
Автор: Ұлан Нұрахмет
04.02.2016
Гүлизай Жаңаділова, Семей қаласының тұрғыны:
-Келешекте осындай дүкендерді үлкендеу қылып, көбірек ашса екен. Бұл халыққа көп септігін тигізер еді.
Әзірге, қалада тек қос дүкен ашылды. Алайда мұнда кез-келген адам керегін алып кете алмайды. Жоба әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және жетім балаларға бағытталған. Олар да аталмыш дүкеннен қалаған затын алуға келгенде әлеуметтік топқа жататынын растайтын құжатын ұмытпаулары керек. Сонымен қоса қала тұрғыны болуы тиіс. Мұндағы тауар қоры қайырымды жандардың арқасында толығып отырады. Киім-кешектен бастап тұрмыстық заттарға дейін қабылданады. Қазір бұл дүкенде бес мыңнан астам зат бар.
Людмила Михайлова, әлеуметтік жобаның авторы:
-Бір ғана айтарым бар: өткізетін заттарыңыз таза болғаны дұрыс. Жуып үтіктеп арнайы қапқа салып әкелсеңіздер тіпті жақсы болар еді. Сондай-ақ, сыртына киімнің өлшемін жазып қоюды ұмытпаңыздар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!