{metadescription}
Әйгілі «Медеу» кешені  мерейтойын тойлауда
Әйгілі «Медеу» кешені  мерейтойын тойлауда

Әйгілі «Медеу» кешені мерейтойын тойлауда

Біз білмейтін Медеу! Бүгін әйгілі кешеннің мерейтойы. Әлемде ең биікте орналасқан мұз айдыны осыдан тура 65 жыл бұрын пайдануға берілген. Сонда Алматы жұрты ең бірінші коньки теуіп, тақыр мұз үстінде сырғанаған. Алып кешен болып тек кейін салынған стадионның бүгінге дейін еш жерде көрсетілмеген бейнекадрлары бірінші боп біздің тілшілердің қолына тиді.     

Таудың үстіндегі тақыр мұз. «Медеуді» алғашында тек таулар ғана қоршап тұрыпты. Қабырға тұрмақ, жанкүйерлер жайғасатын орындықтар да болмаған. Тек жиырма жылдан соң ғана жарқырап жатқан мұз айдыны нағыз спорт кешеніне айналды.       

 Ал бүгінде «Медеу» нағыз заманауи кешен. Конькишілердің де, сондай-ақ мұзда сырғанай білмейтіндердің де сүйікті демалыс орны. Бірі-мәнерлеп сырғанауға машықтанса, енді бірі таза ауасын аңсап келеді.

Алмат Заманбеков, Алматы қаласының тұрғыны:

-«Медеу» негізі ерекше.  Мәселен, астаналықтар «Бәйтерегімен» мақтанса, ал басқа қала көлімен мақтанса, біз Медеуімізбен мақтана аламыз.

-Коньки тебуді білмейді екен! Үйретеміз бе, жігіттер?!

–Үйретеміз!

–Ал, қане, басыңыз!

Медеуге келушілердің саны күнделікті мыңнан асып жығылады. Ал демалыс күндері, тіпті, ине шаншыр жер таппайсыз. Коньки теуіп мұрнынан шаншылғандарды жақында тосын сый күтіп тұр. «Медеу» қызметкерлері туған күнге орай, бүкіл жұртты таңқалдырмақ.   

Әділбек Махмед, «Медеу» мұз айдынының бас әкімшісі:

-Тойлау тек басталуда.  Себебі, 65 жыл бүгін тек басы ғана. Арнайы спорт жарыстары да болады.  Енді қалай торт болады ма Медеу сияқты? Жақын күндері келіп көрсеңіздер бәрі де мүмкін!

-Мұнда 24 мың литр судың мұз боп қатып жатқанын бірі білсе, бірі білмейді. Бұл дегеніңіз бірнеше алып бассейн, болмаса едәуір үлкен көлмен бірдей. Оны қатырып ұстап тұру үшін мұздатқыш күні-түні үзілмейді екен. Бірақ, көктемге дейін ғана. Күн көзі жылынғанда мұншама алып мұз айдыны да еріп кетеді.

Қазір мұз төсегіштердің жұмысы қызу. Өйткені, келесі аптада мұнда республикалық Универсиада өтеді. Оған елдің түкпір-түкпірінен небір мықты конькишілер жиналмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.