{metadescription}
0:000:00
Елімізде медициналық сақтандыру жүйесі іске асса, дәрігерлер жаппай жұмыссыз қалуы мүмкін

Елімізде медициналық сақтандыру жүйесі іске асса, дәрігерлер жаппай жұмыссыз қалуы мүмкін

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі жүзеге асса, біліксіз дәрігерлер мен медбикелер жаппай жұмыссыз қалуы мүмкін. Қызмет көрсету сапасы төмен ауруханалар мен емханаларға жұрт жоламайтын болады. Өйткені, 2017 жылдан бастап науқастар қайда барып ем қабылдайтынын өзі шешеді. Ал, бар шығынды арнайы медициналық сақтандыру қоры көтермек.

Бұл қорға ай сайын жұмыс беруші мен азаматтардың өзі ақша аударып отырады. Денсаулық сақтау министрлігіндегілер жаңа жүйенің жұмыс істеу әдісін де әзірлеп қойыпты. Шенеуніктердің есебінше, жарты жылда 400 миллиард теңге түседі екен. Атқамінерлер кейін бұл сома триллионға дейін өсетініне сенімді. Қыруар қаржы тұрғындарға тегін медициналық қызмет көрсету үшін жұмсалады деп жоспарлануда. Үкіметтегілер жаңа реформа еліміздегі медициналық қызмет сапасының жақсаруына әсер етеді дейді. Ауруханалар болса, жаңа құрылғылар сатып ала бастайды және дәрігерлер тиімді жұмыс істеуге ұмтылатын көрінеді. Ал, ақ халаттылар алдына келген науқастың сақтандыруы бар, не жоқ екенін жеке куәлігі арқылы анықтай алады. 

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі:

-Біз бұл жүйені халықтың қамы үшін енгізіп жатырмыз. Қазір тұрғындарға тегін медициналық қызмет көрсетілуде. Егер азаматтар ұзын-сонар кезек күткісі келмесе немесе дәрігерлердің біліктілігінен күманданса, жеке меншік емханаларға барып, ақылы түрде емделеді.  Ал, жаңа жүйе бойынша, науқастың бар шығыны Міндетті медициналық қор есебінен төленбек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде