{metadescription}
Алматыда  ұрлық-қарлық өршіп кетті
Алматыда  ұрлық-қарлық өршіп кетті

Алматыда ұрлық-қарлық өршіп кетті

Алматыда арбау, тонау әрекеттері өршіп тұр! Қалада тек қаңтар айының өзінде 600-ден астам алаяқтық қылмыс тіркелген. Тонаушылар да бұдан қалыс қалмайды. Мұндай оқиғалар жиілеген сайын, тәртіп сақшылары да қылмыспен күресудің тың жолдарын қолдануда. Бүгін олар ұрлық-қарлық  жиі болатын аумақтарда тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қорғану ережелерін таратты.

Алматының тәртіп сақшылары үшін тонау қылмысының алдын алу өзекті мәселеге айналған. Себебі, биылдың өзінде жүздеген алаяқтық әрекет әшкере болыпты. Пәтер тонауды кәсіпке айналдырғандар да жетерлік.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

- Жиі кездесетін қылмыстардың түрі бұл мүліктік қылмыстар, алаяқтық фактілер, бөтеннің мүлкін ұрлау фактілері. Жылдың басынан бері 600-ден аса алаяқтық фактілері тіркелген қала бойынша. 200-ден аса өзгенің мүлкін ұрлау фактілері, 17 қалта ұрлығы, сонымен қатар 40 автокөліктен бөтеннің мүлкін ұрлау фактілері тіркелді.

Тонау деректері жиілеген сайын полицейлер алдын-алу шараларын күшейтіп жатыр. Бүгін олар Алмалы ауданының халық көп шоғырланған жерлерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ұрылардан қорғану ақпараты бар парақшалар таратты. Себебі, былтыр дәл осы ауданда ұрылар мен алаяқтардың әрекеті 8 пайызға өсіпті.Ұрылар пәтер тонау әрекеттерін көбіне жаз мезгілінде, яғни жұрт демалысқа кеткенде жүзеге асырады екен.

Мағрипа Бабырбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

- Әрине, ұрылардан сақтанып жүру керек. Енді, біз осындай емханаға кетеміз, жұмыс бабымен кетеміз, балаларымыз сабаққа анда-мында кеткенде.

Тәртіп сақшылары да күресті күшейтуде. Мәселен, енді ұялы телефонды ұрлау сұғанақтар үшін жеңіл пайда көзі емес. Себебі, оны арыз жазып, бұғаттап, мүлдем пайдаланбайтындай етуге болады. Тұрғын үйлерге де жаппай бақылау камералары орнатылып жатыр.

Бегімбет Сүлейменов, Алмалы аудандық ІІБ бөлім бастығы:

-Алматылықтарға енді біздің кеңесіміз: пәтерден шыққан кезде кілттерін тастап кетпеуге, алыс сапарға кетіп бара жатқан кезде көршілеріне айтып кету керек. Терезелерін жауып. Астына түскен кезде газетте, қағаздар түскен кезде соларды вовремя алып тұру керек.

Полицейлер жүргізілген шаралардың оң нәтиже беретініне сенімді. Бұл науқан жыл бойы жалғаса бермек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.