{metadescription}
Көкшетауда сырқаты дендеген қаңғыбастарды ауруханалар қабылдамай жатыр
Көкшетауда сырқаты дендеген қаңғыбастарды ауруханалар қабылдамай жатыр

Көкшетауда сырқаты дендеген қаңғыбастарды ауруханалар қабылдамай жатыр

Көкшетауда сырқаты дендеген қаңғыбастарды ауруханалар қабылдамай қойды. Барар жер, басар тауы жоқ бірнеше адам бейімдеу орталығында соңғы демі таусылғанын күтіп, төсек тартып жатыр. Оларға толыққанды медициналық көмек көрсетуге бұл мекеменің мүмкіндігі жоқ. Сондықтан ауыр науқасқа шалдыққандардың аузына су тамызатын да, жөргегін ауыстыратын да өздері сияқты қаңғыбастар.

50 орындық бейімдеу орталығында қазір 70 адам тұрады. Барлығы үй-күйсіз қаңғырып, берекесіз тіршілік етіп жүргендер. Әбден ауруға шалдығып шаруасы біткен соң бейімдеу орталығына кеп жығылған. Енді сырқаты дендеп төсек тартып жатысы мынау.

Қабылқайыр Оразалин:

- 4 айдай жатырмын.

- Аурухана алмай ма?

- Алмайды дейім, алмайды.

Қабылқайыр Оразалинге қарайтын адам жоқ. Туған-туысы бас тартқан. Қаңғырып жүріп, құжатынан да айрылыпты. Қатерлі ісікке шалдығып, соңғы сағатын күтіп жатқан науқастың аузына өзі сияқты қаңғыбас су тамызады.

Сәлімжан Қабаев:

-Көмектесеміз бәріміз. Сұраған нәрсесін төгем анасын мынасын.. Мына жерін жуам тазалаймын. Ауруханаға барып келген бұл. Мен де барып келгем. Алмайды.

Су қараңғы соқыр, екі құлағы керең мына азаматтың күні де өзгеге қарап қалған. Өз бетімен дәрет сындыра да алмайды.

Қайырбек Еспанов:

-Ол сөйлей алмайды, екі көзі соқыр. Өзіне қызмет көрсете алмайды. Дәретке де бара алмайды. Жөргегін мен ауыстырам.

Осындай 3 қаңғыбас өлім аузында жатыр. Ал мұндағы медпунктте цитрамон мен анальгиннан басқа дәрі-дәрмек те жоқ.

Әлия Әшімова, Көкшетау қалалық бейімдеу орталығының директоры:

-Бізде медпункт қана.  Рак өлейін деп жатқан адамды кім алады? Бізде аурулар жатыр. Мүмкіндігімізше көмектесіп жатырмыз.

Дәрігерлер көмек көрсете алмаймыз деп ашық айтып отыр. Оның үстіне, анау-мынау емес, обыр сияқты ауыр науқасқа есірткісі бар дәрі құжатсыз берілмейді екен.

Сергей Киласов, Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

-Кез келген адамда тегін медициналық көмек алу үшін жеке құжаты болуға тиіс. Баспанасыз қаңғырып жүргендердің негізінен құжаттары жоқ. Сондықтан біз оларға тек жедел көмек бере аламыз. Егер қатерлі ісік болса, есірткілік дәрі-дәрмек әрине құжатсыз берілмейді

Орталықта қазір 45 адам құжатсыз тұрып жатыр. Олардың барлығының куәліктерін реттегенше жарты жылдай уақыт керек.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.