{metadescription}
Сайлау бюллетендеріне «Ақ жол» партиясы да енді
Сайлау бюллетендеріне «Ақ жол» партиясы да енді

Сайлау бюллетендеріне «Ақ жол» партиясы да енді

Мәжілістегі орынтақтан дәмелі ақжолдықтар тексеруден мүдірмей  түгел өтті. Сөйтіп, Орталық сайлау комиссиясы 35 кандидатының  тізімін бекітіп, додаға түсуге рұқсат беретін куәліктерді табыстады.

«Ақ жол» партиясының атынан сайлауға түсетін кандидаттардың өмірбаянын  тексеруге екі күн уақыт кетіпті. Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура мен  салықшылар Азат Перуашев бастаған депутаттыққа үміткерлердің тірлігінен  еш заңбұзушылық таппаған. Сондықтан тізімді бекіткен Орталық сайлау комиссиясы партия төрағасын шақыртып, тиісті куәліктерді табыстады. Енді ақжолдықтар да дауыс берушілермен кездесіп, үгіт-насихат жүргізуге дайындала беруіне болады. Ол сайлауға тура бір ай қалғанда басталады. Десе де, «Ақ жол» партиясы дағдарыс кезінде думандатып үгіт-насихат өткізуден бас тартып отыр. Бұған қаржының тапшылығы себеп.

Азат Перуашев, «Ақжол» партиясының төрағасы:

-Бұл партиямыз үшін жауапты сәт деп айтуға болады. Енді сайлау алды жұмысымызға кірісуге дайынбыз. Дәл бүгін тіркеуден кейін, сайлау алды қорымызды құруға арыз қалдырып кетеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.