{metadescription}
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» өтемақы алу үшін бір күнде мың салымшы өтініш жазған
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» өтемақы алу үшін бір күнде мың салымшы өтініш жазған

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» өтемақы алу үшін бір күнде мың салымшы өтініш жазған

Салымшыларын жарты жыл күттіріп қойған «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өтемақы төлеу үшін  бүгіннен бастап өтініш қабылдап жатыр. Бұл жаңалықты естіген адамдар банкке құжатын арқалап ағылуда. АҚШ ақшасы өсіп, жиған тергені құнсызданып кеткендерге Үкімет 61 миллиард теңге бөлген. Алайда, өтемақы толық төленбейді. Екіге бөлініп, келер жылға дейін таратылмақ. Ұзақ күттірген қаржыға қол жеткізудің жолдарын Досжан Маратұлы біліп келді.

-Жеке куәлігіңіз бар ма?

-Иә...

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өтемақы төлеу үшін құжат қабылдап жатыр дегенді естіп банкке ағылғандардың қарасы көп. Басым бөлігі доллар еселеп өскен соң шотындағы ақшасы күйген салымшылар. Солардың бірі - Айгүл Жұмаділова. Пәтер алу үшін банктен 2010-шы жылы шот ашқан ол, 8 миллион жинап үлгерген. Сөйтіп, баспана аламын деп жүргенде АҚШ ақшасы өсіп, жинағы құнсызданып кетіпті.

Айгүл Жұмаділова, Астана қаласының тұрғыны:

-Өтемақыны қашан береді екен деп ұзақ күтіп жүрдім. Бүгін өтініш қабылдап жатыр дегенді естіп бірден осында келдім. Тиісті құжаттарды толтырдық. Әзірге қанша ақша алатынымды нақты білмеймін. Күзге жақын беріледі дейді.

Өтемақы 2015-ші жылдың 18 тамызына дейін  шот ашқандардың бәріне беріледі. Еліміз бойынша ондай 460 мыңнан асатын салымшы бар. Банк оларға өтемақы ретінде жинаған сомасының 35 пайызын береді. Бірақ, оның өзі бірден емес, екі бөліп төленбек. Бір жартысы биыл шілде айында, қалғаны келер жылы қазанда.

Ермек Болтаев, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» қоғаммен байланыс басқармасының басшысы:

-Осы жаңалық шыққалы мыңға жуық салымшы өтініш тастап үлгерді. Олардың өтініштері бірден қанағаттандырылды. Енді біз мамырдың 31-іне дейін 467 мың салымшының өтінішін қабылдауымыз керек.

Өтемақыны алу үшін салымшылар маусымның біріне дейін өтініш толтыруы тиіс. Банкке барып кезекке тұрудың қажеті шамалы. Арызды электронды үкімет порталында немесе банктің сайтында онлайн қалдыруға да болады.

Осылайша, араға жарты салып, әр тиынды есептеген Үкімет там-тұмдап болса да салымшыларға өтемақыларын қайтаруға кірісті. Енді банктен теңгелерін алып кетіп долларға айырбастауды ойлағандар райынан қайта бастағандай. Айтпақшы, өтемақы алу үшін шотта миллион теңге болу керек деген талап жоқ. Бастысы девальвация болмай тұрып мың теңге салсаңыз да өтемақы аласыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.