Ақордада Қашағанның болашағы сөз болды
Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз кен орындарының болашағы бүгін Ақордада талқыланды. Жұмыс кабинетіне Энергетика министрін шақыртқан президент мол қаржы жұмсалатын маңызды жобалардың орындалу барысын жіті сұрады.
Автор: Ербол Сейілхан
08.02.2016
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Расширение Тенгиза, получение нефти в Кашагане. Работа в Карачаганаке и других месторождениях, есть наши планы по электроэнергиям, по ядерным делам, и хотел бы получить информацию по этому.
Қашаған демекші, әлемдегі ең ірі кен орнының қашан толық қуатына көшетіні белгісіз. Бір анығы – еліміз мұнай өндіруді 77 миллион тоннаға дейін азайтқан. Бірақ бұл олқылық Қашаған іске қосылған бойда жойылуы тиіс деген үміт бар. Қоршаған орта, атом жайынан бөлек, Назарбаев құлдыраған мұнай нарығындағы ахуалды сұрады. Энергетика министрі қара алтын бағасының түсуіне байланысты барлық компаниялар бюджетін қайта қарап шыққанын мәлімдеді. Алайда Владимир Школьник мұнайшылар арасында жаппай қысқартуға жол бермедік деп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!