{metadescription}
Алматыда трамвайдың қатысуымен болған бірінші апатқа қатысты сот басталды
Алматыда трамвайдың қатысуымен болған бірінші апатқа қатысты сот басталды

Алматыда трамвайдың қатысуымен болған бірінші апатқа қатысты сот басталды

Трамвайдың қатысуымен болған ірі жол апатына кінәлілер сот алдында жауап бере бастады. Айыпталушы орындығында үш адам.

Олардың бірі трамвай депосының механигі, қалған екеуі апатқа ұшыраған трамвайда жас жүргізушілерге жол көрсететін тәлімгер болып қызмет еткен. Айыптау қорытындысына сай үшеуі де жүруге жарамсыз техникамен жолға шығып, жолаушы тасымалдағаны үшін істі болып отыр. Алайда көптеген автокөлікті жаншып өткен жол апатына ешқайсысы да кінәлі емеспіз деп ақталуда. Ал апатқа дейін трамвай тізгінінде отырған келіншек пен көліктері бүлінген азаматтар куәгер ретінде жауап беріп жатыр. Естеріңізге салайық, өткен жылдың қыркүйек айында тежегішінен ақау шыққан трамвай 17 автокөлікті қағып өтіп, жарамсыз еткен. Бірнеше адам жараланған болатын.

Елена Каримова, куәгер:

-Наурызбай батыр көшесіне жеткенде трамвайдан ақау шықты. Біз жолаушыларды түсіріп, бүлінген жерін қарап тұрғанбыз. Осы сәтте жол сақшылары келіп трамвайды жолдан алып тастауды сұрады. Сол сәтте трамвайды тежегіштен шығарып едік ол өздігінен жүйткіп, жолындағыны жапырып өтті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде