Әлемді жайлаған Зика вирусы Қазақстанға қауіп төндіруі мүмкін бе?
Әлемде Зика деген жаңа дерт дендегелі біздің санитарлық қызметке де дамыл жоқ! Қазір қауіпті вирустың алдын-алу шаралары күшейтіліп, әуежайларда тексерулер жүргізілуде. Қазақстаннан сыртқа шығатын азаматтарға да індеттен қорғанудың амал-тәсілдері жіті түсіндіріліп жатыр.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
11.02.2016
Негізі вирусты таратушы тропикалық аймақтағы маса тәріздес жәндіктер. Сондықтан сол елден келіп жатқан азаматтар ерекше бақылауда. Ал, аурудың нағыз ошағы саналатын Бразилияда биыл олимпиада өтетіні белгілі. Осыған байланысты Рио-де-Жанейроға баратын спортшылар және жанкүйерлермен жеке жұмыстар жүргізілмек. Яғни, оларға ауруды жұқтырмау үшін арнайы профилактикалық шаралар өткізіледі. Емі жоқ індет елімізде тіркелмегенімен, Зика таралған елдерге бармауға тырысқан жөн дейді дәрігерлер. Ауру, әсіресе, жүкті әйелдер үшін аса қауіпті екен.
Олжас Есқожаев, Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығының қызметкері:
- Өзін қорғану әдістері спортшыларымызға айтып түсіндіріледі. Ол жаңағы қонақүйлерде терезені ашпау. Масалар кірмеу үшін қорғаныш торы болса, аша беруге болады. Масалардан қорғану өзін, дұрыс киіну. Жеңі ұзын киім киіну.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!