{metadescription}
Куәгер Ерасыл Әубәкіровты азаптап жатқан сәтті видеоға түсіріп алған
Куәгер Ерасыл Әубәкіровты азаптап жатқан сәтті видеоға түсіріп алған

Куәгер Ерасыл Әубәкіровты азаптап жатқан сәтті видеоға түсіріп алған

Із-түссіз жоғалған астаналық студент азаптап өлтірілген. 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровты бір апта бойы іздеген полицейлер оның мүрдесін көмілген жерінен тапты. Медицина университетінің 6-шы курс студентін қаскөйлер өлтірмес бұрын әбден қинаған екен. Кейін марқұмның денесінен құтылу үшін аяқ-қолын байлап, көміп тастапты. Ерасылды еріктілерге дейін іздеген болатын. Әзірге қанды-қылмыстың жай-жапсары белгісіз. Полицейлер тек үш күдіктінің ұсталғанын айтты. Кейбір мәлімет бойынша, біреуі тіпті бұрын  прокуратурада істеген. Біздің тілшілеріміздің қолына Ерасылды күдіктілердің бірі...

инап жатқан сәт бейнеленген   таспа түсті.

Бұл ұшты-күйлі жоғалған Ерасыл Әубәкіровтың интернетті шарлап кеткен  жантүршігерлік суреті. Аяқ-қолы арқанмен байланып, басына пакет оралған мәйітті полицейлер қаланың шетінен тапты. Бірнеше күн бойы қар астында көмілген студент, азапталып өлтірілген. Қазір осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 3 адам қамауда отыр. Олардың Ерасылды көкала қойдай қып сабап жатқаны мына таспада анық көрінеді.

Бұл видеоны Ақтаудан келген мына кісілердің 22 жастағы    ұлы түсірген. Айтуларынша, Нұржан есімді жігіт осы жантүршігерлік оқиғаның куәгері. Кезінде тіпті ұлдары күдіктілермен бірге  бұрын прокуратурада жұмыс істеген көрінеді. Сол таныстары баласының  куәлігін алып коттедж жалдаған екен. Ал, Ерасылды сонда азаптап жатқанын куәлігін қайтып алуға барған Нұржан кездейсоқ көріп қалыпты.Енді көз жасы көл болған ана баласының куәгерден  қылмыскерге айналып кетерінен қорқады. Оның үстіне басты күдіктінің  бірінің ата-анасы  Өскемендегі ауқатты отбасылар екен. Табысты бизнестері  бар.

Сәуле Сатыбалдина:

-Бір адамды байлап қойған екен. Сосын ұлым суретке түсіріп алған да қашқан менің балам. Қашқан далаға. Сосын мұны ұстай алмай қашып кетеді.

Бірақ ізін жасырған Нұржан тек 2 күннен кейін ғана полицейлерге хабар берген.   Полиция еш ойланбастан оның өзін  қамап тастайды. Ал, жаға ұстатарлық жәйт мына  жалдамалы коттедждердің бірінде  болыпты.

Марқұмның достары, курстастары мен ұстаздары қазір төбелерін жай түскендей болып отыр. Ерасыл білім алған Медициналық университеттітің кіре берісіне оның суреті қойылып, жұрт гүл қалдырып жатыр.

Алтынбек Нұрмаханов, Астана Медицина университетінің жастар ісі бойынша деканы:

-Жалпы медицина мамандығын үздік бітірген. Қызыл дипломға. Интернатураны өте жақсы оқып стипендия алатын. Барлық шараларға қатысып, өзін үнемі алға қарай сүйреп жүрген ең үздік студент еді.

Үздік студент, болашақ хирург, асаба, шоумен. Небары 23 жастағы Ерасыл не ақ халат киіп науқас емдеп үлгермеді. Әнші боламын деген арманы да асқақ еді дейді достары.

-Әзірге қанды қылмысқа не себеп болғаны белгісіз. Бұған дейін айтылғандай, марқұмда ешқандай қарыз болмаған деп отыр достары. Полицейлер де мән-жайды ашып айтпады. Ал, қайғыдан қан жұтқан марқұмның туыстары ұлдарының мәйітін туған жері Өскеменге алып кетті. Үйдің жалғыз баласы жексенбі күні жер қойнына тапсырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде