{metadescription}
Астанада Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысы бар деп қамауға алынған күдіктінің бірі марқұмның жерлесі болып шықты
Астанада Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысы бар деп қамауға алынған күдіктінің бірі марқұмның жерлесі болып шықты

Астанада Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысы бар деп қамауға алынған күдіктінің бірі марқұмның жерлесі болып шықты

Астанада күллі елдің жағасын ұстатқан жантүршігерлік қылмысқа қатысы бар делінген  4 күдіктінің  есімдері белгілі болды. Із-түссіз жоғалып, кейін өлі күйінде табылған Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысы бар деген күдікпен марқұмның жерлесі 32 жастағы Аян Мейірбаев қамауға алынған. Онымен бірге Виталий, Андрей және Нұрбек есімді жігіттерді де қамауға алуға сот санкция берді. Бұл төртеуіне топтасып қасақана адам өлтірді бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал жалдамалы коттеджде азапталып өлтірілген Медицина университетінің 6-шы курс студентінің денесін ата-анасы туған жері Өскеменге...

ып кетті.

Ерасыл Әубәкіровты азаптап жатқан мына жігіт басты күдіктілердің бірі. 32 жастағы Аян Мейірбаев Ерасылдың жерлесі, яғни марқұмды бұрыннан танитын болып шықты. Сол Мейірбаев Ерасылды коттеджде қамап, азаптап өлтірген болуы мүмкін. Кейін қол аяғын арқанмен байлап, басына пакет кигізіп қарға көміп кетіпті. Ал, Аяннын жанындағы  сыбайластары  марқұмның мәйітінен құтылуға көмектескен. Бүгін  4 азаматқа қатысты  «алдын ала сөз байласып, ұйымдасқан топпен адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ал, аяқасты қылмыстың үстінен түсіп, осы жантүршігерлік жайтты таспаға түсірген Нұрбек Әжімбай расымен  прокуратурада жұмыс істеген екен. Бірақ, жедел уәкіл болып емес, техникалық жұмыстарды атқарып, іс-қағаз тігумен айналысқан. 22 жастағы Нұрбек басты күдікті әрі танысы Мейірбаевқа жеке құжатын коттедж жалдауға берген көрінеді. Кейін куәлігін алуға келгенде қылмысты видеоға түсіріп, өзі қорыққанынан  қаша жөнеліпті. Бірақ, болған жайды полицияға бірнеше күннен кейін айтқаны үшін өзі де қамауға алынды. Көз жасы көл болған ана  ұлының  қылмысқа кездейсоқ  куә болғанына сенімді. Енді  басты күдікті Аян  жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды.

Сәуле Сатыбалдина, күдікті Нұрбек Әжімбайдың анасы:

- Аян деген жігіт Өскемендегі қалталы кәсіпкердің баласы дейді.  Олар ұлын ақшамен шығарып алады. Біздің Қазақстанда әділдік бар дегенге сенбеймін. Менің баламды не үшін қамап тастап отыр? Өзінің аяғымен барып айтқан баланы.

Бүгін Ерасылдың мүрдесін қара жамылған отбасы қара түсті шағын автобуспен  Өскеменге алып кетті. Ал, мәйітке жүргізілген сот медициналық сараптама аяқталғанымен, қортындысы әзірге айтылмай отыр. Кейбір болжам бойынша, 23 жастағы жігітті тұншықтырып өлтірген. Ал, Ерасыл түлеп ұшқан мектеп ұжымы  бүгін түгел жиналып, марқұм оқушыларын бір минут үнсіздікпен еске алды. Талабы таудай талантты жігіт бұл мектепті алтын белгіге бітірген екен. Ерасыл негізі әншілікті армандап, кейін хирург болуды шешкен. Арманы орта жолдан үзілген жігіт жексенбіде жер қойнына беріледі.

Жаныл Әлиханова, Өскемен қалалық №44 мектептің мұғалімі

-Ерасылды барлығымыз жақсы көреміз. Ерасыл кішкентай кезінен бастап, өнерге өмірге құштар еді. Әрқашан оның жүзінен күлкі кетпейтін. Күлімсіреп тұратын.

Ал Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты атышулы іспен  Астана қаласының Ішкі Істер департаменті емес, Ішкі Істер министрлігінің арнайы тергеу тобы айналысатын болды. Заңда «алдын ала сөз байласып, ұйымдасқан топпен адам өлтіру» бабы өте ауыр қылмыстың санатына жатады. Сондықтан күдіктілер өмір бақи бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сот медицина сараптамасының қортындысын алған полицейлер қазір  ұсталғандардан жеке-жеке жауап алып,тергеу амалдарын  жалғастырып жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде