Чилиде қызанақ фестивалі өтті
Чилиде жыл сайынғы қызанақ фестивалі өтіп жатыр. Оған 15 мыңнан астам тұрғын қатысып, осы көкөніспен атысып ойнады.
Автор: Диас Нұрақын
15.02.2016
Бұл байқау Кийон қаласында 2011 жылдан бері өткізіліп келеді. Алғашында оған оншақты ғана адам қатысқан екен. Жарыс жыл сайын қанат жайып, биыл 100 тонна көкөніс ысырап болған. Жергілікті шаруалар жеуге жарамсыз деген өнімдерін осылайша жергілікті тұрғындардың көңіл көтеруіне жұмсапты. Ал әлемдегі ең негізгі қызанақ фестивалі жыл сайын тамыз айының соңында Испанияның Буньол қаласында өтіп тұрады. Сондай-ақ Колумбия, Коста-Рика, АҚШ тұрғындары да бір-бірін қызанақпен атқылауды дәстүрге айналдырған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!