Солтүстік Қазақстанның өзен-көлдеріндегі балықтар қырылып жатыр
Солтүстікқазақстандық орманшылар жергілікті өзен-көлдердегі балықтарды құтқаруға жанталасып жатыр. Биылғы қардың қалыңдығынан су бір метр тереңдікке дейін қатып қалған. Салдарынан су астындағы балықтар тұншығуда.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
15.02.2016
-Шабақтар кетіп бара жатыр әне, үшеу төртеу кетіп бара жатыр әне, шабақтар.
Қызылжар өңіріндегі 400- ге жуық өзен-көл балық өсіруге жарамды. Оның жартысынан астамы жеке меншікке жалға берілген. Көл қожайыны ондағы балықтарды сақтап қалу үшін қыс бойы тыным таппайды. Ал иесіз көлдердегі су жәндіктерінің қамы – орманшылардың мойнында. Қарлы қыстың салдарынан қазір мұздың тереңдігі бір метрге жеткен. Бұл су астын мекендейтін тұқы, мөңке, жабайы ротан және шортан үшін қауіпті. Мамандар арнайы техниканың көмегімен тесіктер қазып, су астына оттегін айдап жатыр. Аэрация деп аталатын бұл жұмыстарды олар наурыздың соңына дейін жалғастырмақшы.
Әлік Мүрсәлім, «Қызылжар» орман шаруашылығының қызметкері:
-Барасың, бұрғымен қазғанда сасық иіс шығады, онда балықтар көбіне болмайды. Өліп қалады, ауасы жетпей қалады, сондықтан асты сасып, көлдер бүлінеді де балықтар өмір сүре алмай қалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!