{metadescription}
0:000:00
Қостанайда құбыр жаралып орталықты су алды

Қостанайда құбыр жаралып орталықты су алды

Бүгін Қостанайдың орталық көшелері суға толды. Жарылған құбырдан аққан су жолға жайылып, айтарлықтай қолайсыздық тудырған.

Коммуналдық апат үшін көлік жүргізушілері аталған аймақты айналып өтуге мәжбүр болса, осы маңда тұратын және жұмыс істейтін жұрт тобықтан су кешті. Ал бір ықшамауданды тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отырған құбырдағы апат түнде болған. Салдарынан қалалық аурухана, балабақша мен 30 тұрғын үй сусыз қалды. Айта кетерлігі осыдан екі апта бұрын дәл осы құбыр жарылған. Апат салдарын жою үшін ол кезде коммуналшыларға 2 күн қажет болды.

Болат Сейітбаев, «Қостанай-Су» МКК қызметкері:

-Апатқа желінің тозып кетуі себеп болған. Бүгіннен қалдырмай жүйені қалпына келтіруге тырысамыз. Қазір сусыз қалған нысандардың жартысына тіршілік нәрі жіберілді, енді 10 тұрғын үйді қосу қалды. Жұмыс тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде