{metadescription}
0:000:00
«Абу-Даби-Плазадағы» алапат өрттің неден шыққаны белгілі болды

«Абу-Даби-Плазадағы» алапат өрттің неден шыққаны белгілі болды

«Абу-Даби-Плазадағы» алапат өрттің себебі анықталды. Астананың негізгі әкімшілік орталығында салынып жатқан Орта Азиядағы ең биік тұрғынүй кешені түнде отқа оранып, соңы жойқын жарылысқа ұласқан болатын. Құдай сақтап, зардап шеккендер жоқ. Жүздеген жұмысшы қауіпсіз жерге шығып үлгеріпті.

Алғашында Төтенше жағдайлар комитеті жарылған газ баллоны деп ресми мәлімет таратқан. Кейін мұнысы дәлелденбей, дизель отынымен жұмыс істейтін құрылғының өртенгені анықталды.11-ші қабаттан басталған от ағаш тіреулер мен брезент жаймаларға тиіп өршіп кеткен. Лезде 25 қабатқа көтерілген жалынды ауыздықтау өрт сөндірушілерге айтарлықтай қиындық тудырды. Оның үстіне оттың жапсарлас орналасқан тұрғынүйлерге жайылуы мүмкін еді. Сондықтан оқиға орнына 88 метрлік баспалдағы бар өрт сөндіру көлігі мен жалынның таралу аумағын бақылап отыру үшін көкке тікұшақ көтерілген. Ұзақ арпалысқан «101» қызметі өртті 3 жарым сағатта әзер өшірді. Қазір қылмыстық іс қозғалып, құрылыс компаниясының басшыларынан жауап алынып жатыр. Айта кетсек, 6 жылдан бері арабтар тұрғызып жатқан 88 қабатты, биіктігі 382 метрлік «Абу-Даби-Плаза» «ЭКСПО» қарсаңында пайдаланылуға берілуі тиіс-тін. Енді атақты тұрғынүй кешенінің құрылысы тағы созылып кетуі ықтимал. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.