{metadescription}
0:000:00
Рекордтық көрсеткішке дейін құлдыраған Қытай валютасы қайта нығая бастады

Рекордтық көрсеткішке дейін құлдыраған Қытай валютасы қайта нығая бастады

Қытай валютасы қайта күшейе бастады. Жаңажылдық демалыстан кейін бүгін алғаш ашылған қор биржасында бір доллар 6 жарым юаньннан сатылды. Осылайша бір пайызға қымбаттаған қытайдың ұлттық валютасы соңғы 11 жылда болмаған көрсеткішке жетіп отыр.

Осы жағдайдан кейін билік өкілдері юаньнің бұдан былай да тек күшейе түсетінін мәлімдеді. Айтуларынша, Қытай валютасының құлдырауына ешқандай негіз жоқ. Ал Джордж Соростың болжамдары бос сөз дейді олар. Яғни бұған бейін белгілі қаржыгер Қытай экономикасы құлдырап, юань девальвацияға ұшырайды деп мәлімдеген болатын. Себебі қарызға белшеден батқан бұл елден қаржы капиталдары сыртқа шығарылып жатыр деп жазған еді. Алайда ресми Бейжің жағдайды ушықтырғаны үшін АҚШ-ты кінәлап отыр. Соған қарамастан, Қытайдағы жалпы ішкі өнім былтыр соңғы 25 жылда болмаған ең төменгі көрсеткішке түсіпті. Сондай-ақ, бүгін мұнай бағасы мен әлемдік нарықтағы оң өзгерістерге байланысты төл теңге де нығая түсті. Өткен аптаның соңында 370 теңгеге дейін көтерілген доллар бағамы бүгін 7 теңгеге арзандап отыр. Осылайша АҚШ валютасы ақша айырбастау орындарында 360-64 теңгеден саудалануда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде