{metadescription}
Астанада Ерасыл Әубәкіровты азаптап  өлтірген коттедж табылды
Астанада Ерасыл Әубәкіровты азаптап  өлтірген коттедж табылды

Астанада Ерасыл Әубәкіровты азаптап өлтірген коттедж табылды

Ерасыл Әубәкіровтың өліміне қатысты жаңа деректер шығып жатыр. Ғаламторда студентті өлтірді деп күдікке ілінгендердің қылмысты атқару кезіндегі рөлдері анық көрсетілген тергеу сызбасы жарияланды. Оған сәйкес, 23 жасар студент өскемендік бай баласы Аян Мейірбаевтың тапсырысымен, өлтірілген. Интернетке тарап кеткен ақпарат бойынша, студентті қинап, азаптап өлтірген үйдің мекен жайы да көрсетіліпті. Бүгін осы қанды қылмыс болған үйді тілшілеріміз іздеп тауып, көріп келді.

Марқұм Ерасыл Әубәкіровтың өмірінің соңғы минуттары дәл осы Астананың шетіндегі коттеджде өткен. Екі қабатты үйде 23 жастағы  студентті бірнеше күн қамап ұстап, кейін азаптап өлтірген. Қанды қылмыс болса да, коттедждің есігіне қара құлып салынбапты. Жантүршігерлік оқиғаның ізін жасыру үшін қожайыны қан болған төсек пен жердегі кілемді алып тастап, шаршы метрлерін жын-ойнаққа жалға беруін жалғастыруда.

Ал, Ерасылды өлтіріп, кейін қарға көміп тастады деген күдікке ілінгендердің барлығының аты-жөндері белгілі болды. Тіпті, ғаламторда тараған мына кестеде Аян Мейірбаев бастаған күдіктілердің адам өлтіру кезіндегі рөлдері мен бір-біріне шалған қоңыраулары анық көрсетілген. Мәселен, қылмыстың үстінен түсіп, барлығын таспаға түсірді делінген  Нұрбек Әжімбай қылмыстың ұйымдастырушы ретінде аталыпты. Ал, оған тапсырыс берген Аян Мейірбаев. Полицейлер құрастырды делінген сызбаға қарағанда, Ерасылды Виталий Шерстенев және Андрей Тихоненко есімді Оңтүстік Қазақстанның тумалары өлтірген болуы мүмкін. Тергеу аяқталғанға дейін сот бұл төртеуді 2  айға қамауға санкция берді. Ал, басты күдікті Мейірбаевтың Өскеменге танымал кәсіпкер әкесі ұлына қатысты мәлімдеме жасады.

Есен Мейірбаев, күдікті А.Мейірбаевтың әкесі:

-Кәсіпкер деген кім? Ол құдай емес, билігі бар адам емес. Байдың баласы болса, заңға бағынбауы керек пе? Менің балам шағын коммерциялық келісімдерде кейбір тапсырмаларды орындады. Аян менің компаниямда заң жөніндегі кеңес беруші маман болды. Ұлыма қатысты айтылып жатқан сөз маған ауыр тиіп отыр. Бірақ ашуға берілмеймін, ешкімді айыптамаймын, ешкімді қорғаштамаймын. Құзырлы орындар барлығын анықтайды.

Ал, қара жамылған отбасы жексенбіде Медицина университетінің 6 курс студенті Ерасылды соңғы сапарға шығарып салды. Онымен қоштасуға жүздеген адам келген. Достары, туыстары, Астанада бірге оқыған курстастары да осында болды.  

Динара Ысмаилова, марқұмның туысы:

Ерасылдың ата-анасына қиын болды. Жалғыз баласынан айырылып отыр. Біреуді өлтіруге ешкімнің қақы жоқ. Құдай барлығын көріп тұр. Қылмыскерлер тиісті жазасын алса екен дейміз.

Күллі елдің назары ауған шулы істе басты күдікті Аян Мейірбаевтың бұған дейін ауқатты отбасыдан шыққаны айтылған. Сөйтсе, әкесі Есен Мейірбаев Өскемендегі «Еуразия» сауда үйімен қатар бірнеше демалыс орындарының иесі екен.

Осы әкесінің айтуынша, Ерасылдың өлімінен кейін 32 жастағы ұлы Аян дереу Өскеменге ұшып барып мән-жайды айтып берген. Ал, кейін қанды қылмысқа күдікті деп танылған соң, астаналық полицейлердің шақыртуымен қайта Елордаға оралыпты. Қазір ол 3 сыбайласымен бірге  тергеу изоляторында отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде