Ақтауда Голливуд киноларындағы көрініске бергісіз жол апаты болды
Бір көлік екінші көліктің үстіне шығып, бір дөңгелегі терезеден салонға кіріп кеткен. Тойотаның жүргізушісі қатты жылдамдықпен келіп, көлік тізгініне ие бола алмай Фольксфагеннің үстіне шығып кеткен. Голливудтың блокбастерлерінде ғана кездесетін көріністі қызықтаған жұрт біршама жиналып қалды. Жанынан өтіп бара жатқан өзге жүргізушілер де ұялы телефонның камерасына түсіріп алған. Зардап шеккен ешкім жоқ. Ал ойда-жоқта каскадерлік әрекет жасаған Тойотаның жүргізушісі енді ірі көлемде айыппұл төлейді немесе жүргізуші куәлігінен айырылады.
Автор: Сандуғаш Шортанова
17.02.2016
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!